ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП «ДАНА»
МЕКТЕП ТУРАЛЫ
Біз 0-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға сапалы білім беріп, жан-жақты тұлғалық даму мен табысты болашаққа дайындыққа басымдық береміз.
Мектебімізде академиялық талаптар мен әрбір оқушыға жеке көзқарас үйлесім тапқан. Оқу бағдарламасында тілдерге, жаратылыстану ғылымдарына, ақпараттық технологияларға және шығармашылық дамуға ерекше көңіл бөлінеді.
Мектебімізде жоғары білікті мұғалімдер жұмыс істейді және де заманауи жабдықталған сыныптар, медициналық кабинет, қосымша білім беру бағдарламалары қарастырылған.
Біздің мақсатымыз – заманауи әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын, өзіне сенімді, білімді және жан-жақты көшбасшыларды тәрбиелеу.
Табысқа жетер жолдағы үш кезең
-
БАСТАУЫШ МЕКТЕП
1-4 сыныптарБастауыш мектептің басты мақсаты – оқуға деген ынта мен қызығушылық қалыптастыру. Педагогтар, тәрбиешілер мен психологтар балалардың ұстазына айналады: өз басын алып жүруді, уақытын жоспарлап, жауапкершілік арқалауды, сыныптастарымен және ересектермен дұрыс қатынас қалыптастыруды үйретеді, кішкентай дара тұлғаны ересек адамға айналар жолында қолдап, бағыт беріп отырады.
-
ОРТА МЕКТЕП
5-8 сыныптарОрта мектепте оқыту барысында балаларға ғылым мен қосымша оқыту жүйесінің барлық бағыты бойынша негізгі білім беріледі, жалпы және кәсіби білік пен машық ұсынылады. Бұл кезеңдегі басты міндет – жасөспірімнің технологиялық, тұлға ретіндегі, интеллектуалдық бейімін дамытатын бағдарламаларды іске асыру.
-
ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕП
9-11 сыныптарБұл кезеңге жеткенде әр баланың ғылым салалары, спорт пен шығармашалықтан әжептәуір білімі болады. Жоғарғы мектептің басты бағыты – бейіндік пәндерді тереңдетіп зерттеу, кәсіби қызметті саналы түрде таңдау және өз бетімен оқуға толық әзірлік. Мектеп түлегі – XXI ғасырдың сын тегеуірініне төтеп бере алатын дара, толық қалыптасып болған тұлға.
Пайдалы ақпарат